18
февраль
2021
Жетісу ауданы МКҚК "№104 бөбекжай-балабақшасы"
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын оятып, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуге қолдау көрсетуіміз керек.