Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер" » Страница 4 » ГККП "Ясли сад №104" мемлекеттік балабақшасы
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №104»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7(727) 252-29-43
Методист:
+7(727) 252-29-43
Версия для
слабовидящих
» » Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
18
май
2016

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Көңілді нүктелер»

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, сапқа тұру, аяқтың ұшы, өкшемен жүру, «жыланша» ирелеңдеп жүру. Баяу қарқынмен жүруді жүгірумен алмастыру.Музыка ырғағына сәйкес жұптасып жүріп, және жеңіл жүгіре білуге жаттықтыру. Би қимыл –қозғалыстары арқылы сымбатын жетілдіру, түрлі жаттығулар, жарыстар арқылы денесін шынықтыруға дағдыландыру, үйрету.

Қажетті құралдар: Жалаушалар, түрлі –түсті нүктелері бар кілемше,
құрсаулар, асықтар

Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар музыка әуенімен, жай жүгіріспен залға кіріп, сапқа тұрады.
Воспитатель: Топ, солға бұрыл!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе.

Воспитатель: Топ, оңға бұрыл!Алға қадам бас!
Бір, бір, бір, екі, үш!

Балалар: Бір, екі, үш.Бір, екі, үш!
Бойға жинап күш!
Шынығамыз жастай біз!
Қиындықтан қашпаймыз.
Шаршамаймыз, талмаймыз!

Кіріспе бөлім.

1.Жүрудің түрлері: Маршпен жүру, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, кілемнің бір шетінен екінші шетіне дейін жыланша жүру

2.Жүгірудің түрлері:Жай жүгіру, жылдам жүгіру, залдың ортасымен жыланша жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары(жалаушамен)

1.Басқа арналған жаттығулар .
Главная оңға -солға бұру.
2.Иыққа, қолға арналған жаттығулар.
Оңға- солға бұрылып, қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру.
3.Белге арналған жаттығулар.
Қолды жоғары көтеріп, белді оңға –солға айналдыру.
4.Аяққа арналған жаттығулар.
Тізені жоғары көтеріп, бір орында адымдау.
5.Кілемге отырып, алға еңкею.
Қолды, аяқты созып, бүгу.
6.Дем шығару жаттығулары.

Негізгі бөлім.

Түрлі –түсті нүктесі бар кілемшенің үстімен қолды жерге тигізіп, алға қарай жүру.
Құрсаудан аударылып өту.

Қимылды ойын. «Хан кім болды?»

Шарты: Музыка әуенімен балалар залда билейді, сол сәтте сандықтағы асықтар шашылады.Балалар музыка тоқтағанда, балалар қызыл түсті асықты жылдам алып қоюға тырысады. «Хан кім болды?»- деп сұрағанда, «Хан мен болдым!»- деп жауап береді. Қалған балалар ханның айтқан бұйрықтарын орындайды.Ойын осылай жалғаса береді.

Психологиялық сәт.
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақындап, иықтарын тигізеді.Кілемге отырып, дөңгелене жатады.Баяу музыка әуенімен көктем мезгілін, оның жұпар иісін, құстардың сайраған дауыстарын елестетеді.

Қорытынды бөлім.
Балалар сапқа тұрып, жетекшімен қоштасады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Көңілді нүктелер"
Назад 1 2 3 4 Вперед