18
май
2016
Ұымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: "Қызыл алма"
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің тақырыбы: "Қызыл алма” ертегісі.
Мақсаты.
Білімділік: Күз көріністерімен таныстыру, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру оларды іздене білуге үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге үйрету, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс –тәсілдер: СТО стратегиялары: Топтастыру, ЖИКСО -1, инсерт +,-,? Венн диаграммасы, бес жолды өлең.
Формасы: Топпен жұмыс
Қажетті:Үлестірмелі белгілер, суреттер
Көрнекіліктер: Сиқырлы сандық, суреттер, ертегі кейіпкерлері
Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен
Қайырлы таң! -деймін мен.
Күндізде елді елеймін
Қайырлы күн! –тілеймін мен.
Кешке үйге келемін
Не дерімді білемін
Кеш жарық! –деп кіремін.
-Б-р, сендердің қандай орынға барып отыратындарыңды мына сиқырлы қорапша арқылы шешейік.
Кіріспе бөлім. Ғажайып сәт.
Б-р, сендер білесіңдер ме? Мен бүгін бақшаға келе жатып мынандай әдемі, жалт –жұлт еткен сандықты тауып алдым. Бірақ, ішінде не бар екенін білмеймін. Сендердің білгілерің келе ме? Қалай ойлайсыңдар бұл жейтін зат па, әлде жемейтін бе? Сандық ауып ма, әлде жеңіл ме?
Ағайынды бәрі
Шықса –жасыл,
Түссе –сары. Ол не? (Жапырақ).
-Б-р, бұлар жай жапырақтар емес, жапырақтардың сендерге қояр сұрақтары бар екен.
1 топқа сұрақ
1.Бір жылда неше мезгіл бар?
– Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
2. Кім атап береді?
– Олар қыс, көктем, жаз, күз.
2 Топқа сұрақ
1.Қазір қандай жыл мезгілі?
-Қазір күз мезгілі.
2.Күз айларын атап беріңдерші.
–Күз айлары: сентябрь, октябрь, ноябрь.
3 топқа сұрақ
1.Күз мезгілін сурет бойынша әңгімелеп беріңдерші.
4 топқа сұрақ
1.Күз мезгілі неше кезеңге бөлінеді?
- Күз мезгілі үш кезеңге бөлінеді.
2.Олар қалай аталады?
- сентябрь –алтын күз.
- октябрь –жомарт күз.
- ноябрь –қоңыр күз.
- Рахмет, балалар, жауаптарың дұрыс. Осы күз мезгіліне байланысты қандай тақпақтар білеміз?
Айым:
Самал қозғап қалғанда, қозғалады.
Томирис:
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші-алаша
Аунар ма деп жатып ап!
Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Дәулет:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Айзере:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жарыпақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап.
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап,
Жақын қалды декабрь,
Жабырқайды жапырақ.
-Ал енді балалар, кезекті ойынға берейік.
Д.ойын: "Бұл қандай ертегі?”
Шарты: Балаларға әртүрлі ертегілерден үзінділер айтылады, балалар ертегілерді тауып, суретін тақтаға қыстырады.
-Б-р, осы ертегілердің ішінен қайсысына тоқталатынымызды жұмбақ арқылы шешейік.
Жұмбақ жасыру.
Қоян:
Орғыған қорқақ көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
Қарға:
Өзі қара түсі суық,
Қар-қар етіп дыбыстайды.
Кірпі:
Дегенде ешкім тимесін
Алыпты қадап инесін.
Аю:
Орманнан жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп кіщкене арадан
Үп-үлкен болып қорқады.
-Б-р, осы кейіпкерлердің бәрі бізге қандай ертегіде кездеседі?
-Дұрыс, "Қызыл алма” ертегісінде. Ендеше осы ертегі мәтінін есімізге түсірейік.
"Джиксо -2” стратегиясы. (Балаларға ертегі мәтіні алдын –ала беріліп қояды, б-р алдарындағы сандармен бөлініп отырады.)
1санын алған бала -1 топқа
2 санын алған бала -2 топқа
3 санын алған бала -3 топқа
4 санын алған бала -4 топқа
Ертегіні алып болған соң, орындарына қайтып келеді. Бір бала ертегіні басынан аяғына дейін айтып береді.
"Ой –толғаныс” cтратегиясы
1.Ертегіде нелер туралы айтылған?
2.Оқиға қандай жыл мезгілінде болған?
3.Сендер осы ертегіде неге ұқсағыларың келеді?
Ендеше осы ертегіні кейіпкерлендіріп көрейік.
Әдемі –қоян
Зере –қарға
Айым –кірпі
Әділет –аю.
Балалар рөлдерге бөлініп, ертегі желісі б-ша кейіпкерлендіреді.
Қызыл алма
Қалың орманға күз де келіп жетті. Айналадағы ағаштардың жапырақтары алтын сары түске енді.
Ұйқысынан ерте оянған қоян осы көріністерге қызыға қарап келе жатып, ағаш басынан бір қызыл алманы байқады. Жүрегі жарылардай қуанған ол:
-Алақай, алақай! Бұл –менің алмам! Оны мен таптым! – деп айқай салды. Қоянның айқайын естіген қарға сол сәт ұшып келіп:
-Ау, қоян! Таң атпай не болды? Дауысың қатты шықты ғой. –деді.
-Әне, анау менің алмам, көрдің бе, мен таптым! –деді қоян шыдамсызданып.
-Қарға –ау! –деді сосын. –Көршіміз ғой, сол алмамды маған үзіп берші!
Қарға тұмсығымен сабағын қиып жіберіп еді, алма төмен қарай құлдай жөнелді. Сол кезде қайдан тап болғаны белгісіз, кірпі жетіп келіп алманы қағып алып, қаша жөнелді. Оны босқа беріп қоятын қоян ба, артынан тура қуды. Қарға алдарынан шықты. Үшеуі таласа кетті. Сол сәт жерден шыққандай күркіреп аю келді.
-Ау, бұл не шу, орманның тынышын кетіріп? Кәне, айтыңдар! –деді ақырып.
Алысып жатқан үшеуі жым болды.Қоян тілден айырылып, сөйлей алмай қалды.Қарға пыр етіп ұшып, ағаштың басына қонды. Тек кірпі ғана шашалып барып:
-А-а-аю аға! Біз алмаға таласып қалдық, деді екі сөздің басын әрең қосып.
-Алманы кім тапты әуелі? –деді аю.
-Мен таптым, -деді қоян тақ етіп. –Ол бұтақта ілініп тұр екен.
-Ал алманы кім үзді?
-Мен үздім, -деді қарға саңқ етіп.
-Кім оны жерге түсірмей қағып алды?
-Мен қағып алдым, мына инелеріммен, -деді кірпі арқасындағы инелерін көрсетіп.
-Алма біреу, ал сендер үшеусіңдер... –деді аю ойланып. –Кірпі, -деді сәлдең сон. –Сен алманы үшке бөл!
-Кірпі аюдың айтқанын орындап, бірақ алманы төрке бөледі де, бәрін түгел аюға береді. Алманы қолына алған аю:
-Алманы тапқан сенсің, қояным! Ала ғой, мынау сенің үлесің, деді қоянға бір бөлігін ұсынып.Ал қарға мынау сенікі –бұтадан үзіп бергенің үшін, -деді қарғаға бір бөлігін ұсынып. Ал кірпі мынау сенің үлесің, алманы жерге түсірмей қағып алғаның үшін, -деді бір үлесті кірпіге беріп.
Сонында қолыңда қалған төртінші үлеске қарап:
-Бұл кімге? –деді таңырқап.
- Ол – сенің үлесің! –деді кірпі айқайлап.
- Жоқ, аю аға, сіз бізді ұрыстырмай керісінше, достастырдыңыз. Жалғыз алманы бәрімізге теңдей қылып бөліп бердіңіз. Бұл –сенің өтеуің, деді кірпі.
-А –а, солай ма? –деді аю қуанғаннан арсалаңдап. –Онда елеп, ескергендеріңе рақмет! Әр кез бойымызды ашуға жеңдірмей, осылай ақылмен, сыбырмен шешейік. Ашу –дұшпан, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос демей ме бұрынғылар. Рахмет!
-Б-р, осы ертегі бізді неге үйретеді?
-Достастыққа, бірлікке, ынтымақтыққа.
-Ендеше осы тақырыпқа б-ты мақал мәтелдер айтайықшы.
Абылай:
Хороший жолдас - жанға серік,
Жаман жолдас - малға серік.
Жалғыс жүріп, жол тапқанша,
Көппен жүріп адас.
Ерасыл:
Жолдасы бардың олжасы бар.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Дария:
Апрель болмай, жауын болмас,
Жауын болмай, тәуір болмас.
Арсен:
Бірліксіз ел тозады,
Бірлікті ел озады.
Жомарт:
Өзің жақсы жолдас болсаң,
Досың да көп болады.
Жолдасы көптің, олжасы көп.
Жансель:
Аталы жау дос болмас.
Жаман өле жейді,
Хороший бөле жейді.
Сертігу сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Орманға бірге барайық
Аңдармен жақын танысып
Олармен дос болайық.
Кірпідей ақырын жүрейік,
Аюдай қорбаңдап,
Апанға қарай барайық
Қоянмен бірге секіріп,
Қуанып топқа қайтайық.
-Б-р, біздің келесі ойынымыз "Не жетіспейді?”
Д.ойын: "Не жетіспейді?”
Шарты: Балалар алдарында төңкеріліп жатқан ертегіге мұқият қарап, алдарында жатқан ертегінің бөліктерін толықтырады.
Қорытындылау.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Өзен көлге, шыңға біз,
Серуенге шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Бағалау.
Самооценкаы;
Бірін-бірі бағалауы;
Воспитательнің бағалауы.