Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 252-29-43
Әдіскер:
+7(727) 252-29-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МКҚК №104 б/балабақшасының 2015-2016 жылға арналған жылдық есебі
20
мамыр
2016

МКҚК №104 б/балабақшасының 2015-2016 жылға арналған жылдық есебі

Алматы қаласы Жетісу ауданы
Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме № 104 бөбекжай-
балабақшасында өткізілген 2015-2016 жылғы оқу тәрбие
жұмысының бір жылдық есебі.

Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме № 104 бөбекжай-балабақшасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелерін» негізге ала отырып, «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Алғашқы қадам», «6-7 жастағы балаларға арналған бағдарлама» және вариативтік бағдарламалары бойынша жұмыс жасады.
Жалпы балабақшада 26 педагог бар, оның ішінде жоғары білімді -16, аяқталмаған жоғары – 1, арнайы орта білімді – 7.
Жоғары санатты - 6, бірінші санатты – 5, екінші санатты – 3, санаты жоқ – 12 педагог бар. Педагогтардың барлығы біліктілігін арттыру институтынан білімдерін көтерген.
2015 жылы қыркүйек айында балабақшадағы балалар саны 327 болды. Барлығы бірдей арнайы жолдамамен қабылданған.
Балабақшада жаңа оқу жылына қажетті көрнекіліктердің бәрімен қаматамасыз етілді. Әр баланың жеке-тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды дамыту мақсатында 5 - сала бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Барлық топтарда жас ерекшеліктеріне сай 5 сала бойынша перспективалық жоспарлары бар.
2015-2016 оқу жылына арналған жылдық міндеттемелерді педагогикалық кеңесте қарап бекітілді.
1.Балалардың денсаулығын нығайту үшін, қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігі әрекеттерінің тиімділігін арттыру.
2. Балалардың ауыз екі сөйлеу мәнерін жеткізе, ертегіні кейіпкерлендіру барысында диалогтық, монологтық қарым-қатынасын ескеріп байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Осы алынған жылдық міндеттемеге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді.
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша:
Балалардың денсаулығын нығайту үшін балабақшада аяқтарын салқын сумен шаю, Норбековтың « Нүктелі массаж» , «Таспен жүру» және ортопедиялық доптарды қолдана білді. Дене шынықтыру пәнінің жаттықтырушысы Шепенов Қ.Б. мектепке даярлық тобының балаларымен «Шұғылданып спортпен, шымыр болып өсемін мен», ересектер тобының балаларымен жаттықтырушы Мұхамеди М.М. «Спорттық жарыстар», ортаңғы топ тәрбиешісі Қанайбекова А.С. «Ертеңгілік жаттығу» атты ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеттерін өткізді. Осы салаға байланысты жас мамандарға спорттық кеңестер мен семинарлар жүргізілді.
2016 жылы наурыз айында АҚББЖ және КДИ бастауыш білім беру және мектепке дейінгі тәрбие орталығының аға әдіскері Еденбаева З.Д. басқаруымен қалалық балабақшалар арасында тәжірибе алмасу ашық оқу іс-әрекеті өткізілді. «Денсаулық» білім беру саласы
Дене шынықтыру тақырыбы «Сиқырлы нүктелер» мектепке даярлық тобының тәрбиешісі Дарханова А.А. өткізді.
«Қатынас» білім беру саласы бойынша:
Балалар ауыз екі сөйлеуді және балаларға таныс оқиға туралы диалог түрінде сөйлесуге, әңгімелей білуге, ертегілердің желісін бұзбай, анық айта білуді үйренді. Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіруде ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға, байланыстырып сөйлеуге қабілеттерін дамытты. Өз елі, оның табиғатын суреттер арқылы ажырата білуге, ойлау қабілеттерін терең меңгеруге мүмкіндіктер жасалынды.
Табиғаттың адам денсаулығы үшін пайдалы екенін түсіне отырып, тыйым сөздер, по ссылке мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтуды үйренді. Сонымен қатар, мектепке даярлық тобының тәрбиешісі Дарханова А.А. «Қызыл алма» ертегісін кейіпкерлендіру, ересектер тобының тәрбиеші Бекеева М.Б. «Иманды жан – әдепті, І-ші сәбилер тобының тәрбиешісі Суртаева Р.С. « Қоян мен көжек» атты ашық оқу іс-әрекеттерін өткізді. ІІ-ші сәбилер тобының тәрбиешісі Ордабекова Г.К. «Қуыршақ Аякөз қонақта». Барлық топ тәрбиешілері сиқырлы қаламды қолданып оқу іс-әрекеттерін жүргізіп отырады.
Мемлекеттік стандартта қойылған барлық талаптары жүзеге асырылды.
«Таным» білім беру саласы бойынша:
Әр баланың танымдық іс-әрекеттерінің дамуына ықпал етілді. Балалар реттік сандарды және сандық таңбаларды санауды, есептеуді біледі. Сенсорлық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыру, қоршаған орта мен табиғатты зерттеу мүмкіндігін қарастырып, қарапайым математикалық ұғымдарды және құрылымдық іс-әрекеттің тәсілдерін игеруді үйренді. Геометриялық пішіндерді ажырата білді. Жас ерекшеліктеріне сай құрастыру іс-әрекеттерін мемлекеттік стандартта қойылған талаптарға байланысты меңгерді. І-ші сәбилер тобының тәрбиешісі Батырова Г.Н. «Көктем табиғаты», ересектер тобының тәрбиешісі: Килибаева М. А. «Ойлан тап» ашық оқу іс-әрекеттерін жүргізді.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша:
Балалардың заттарды бейнелеуге қабілеттері бар, бейнелеудің жанрларын біледі. Бейнені қағаз бетіне толық орналастыра алады. Қайшыны қолдана отырып, үлгіге қарай түрлі пішіндерді қия біледі. Эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына деген қызығушылықтарын арттырды. Ән-күй саласында балалар композиторларды танып, атай біледі. Музыкалық аспаптарды толық атайды. Түрлі би қимылдарын орындайды. Биржевой курс Евро к Норвежской кроне (EUR NOK) на графике в режиме реального времени. здесь. Музыка іс-әрекеті бойынша музыка жетекшісі Дамитова Г.К. мектепке даярлық тобының балаларымен «Қорқыт ата» қобызбен таныстыру ашық оқу іс-әрекетін өткізді. 2016 жылы сәуір айында өткізілген «Балапан» байқауында 1-ші орынды иеленді.
Музыка жетекшісі Тойымбетова А.М. ересектер тобының балаларымен «Дыбыстар елінде» атты ашық оқу іс-әрекетін өткізді. Әр мерекеге сай ертеңгіліктер өз уақытында өткізіліп отырылды.
2016 жылы наурыз айында АҚББЖ және КДИ бастауыш білім беру және мектепке дейінгі тәрбие орталығының аға әдіскері Еденбаева З.Д. басқаруымен қалалық балабақшалар арасында тәжірибе алмасу ашық оқу іс-әрекеті өткізілді. «Шығармашылық» білім беру саласы сурет сабағы бойынша «Көктемнің алғашқы гүлдері» мектепке даярлық тобының тәрбиешісі Майтина А.Қ. ашық оқу іс-әрекетін өткізді.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша:
Мемлекеттік стандартқа сай барлық талаптар қамтылды. Қоршаған орта, экологиялық оқу іс-әрекеттері, өзін-өзі тану оқу іс-әрекеттері бойынша табиғатты қорғауға, аялауға, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, бір-бірін сыйлай білуге, құрметтеуге үйренді. Жан-жануарларды, құстарды және үй жануарларын ажырата білуді, оларға қамқорлық жасауды түсіне білді. Балалар Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт өкілдерін құрметтей отырып, ұлттық салт-дәстүрлерді , ұлттық ойындарды ажырата білді. Ортаңғы топ тәрбиешісі Қалықова Б.Қ. «Ғарышкер болғым келеді», ересектер тобының тәрбиешісі Жанақбаева Ш.Қ. «Қонақ келсе, құт болар», ортаңғы топ тәрбиешісі Қанайбекова А.С. «Отан қорғаушылар мерекесі», ІІ-ші сәбилер тобының тәрбиешісі Сәрсенбаева А.Б. «Шұбар тауық» ертегісін кейіпкерлендіру, ересектер тобының тәрбиешісі Бекеева М.Б. «Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі», мектепке даярлық тобының тәрбиешісі Азнабаева Н.У. «Көктем сәні» ертегісін кейіпкерлендіру – ашық оқу іс-әрекеттерін өткізді.
Ересектер тобының тәрбиешісі Бекеева М.Б. аудан аралық «Ханталапай» жарысына қатысты.
Барлық оқу іс-әрекеттері көрнекіліктерге бай, эстетикалық талғамға сай жасалынған, театр түрлері бар, күнделікті жаңартылып отырылады. Сол бойынша балалармен күннің екінші жартысында жұмыстар жүргізіліп отырылады. Жылдық жоспарда бекітілгендей 5 педагогикалық кеңес, өндірістік жиналыс, семинарлар, ата-аналармен жұмыс уақытылы өткізіліп өз деңгейінде жұмыстар жүргізілді. Ата-аналармен жұмыс мектепке даярлық және ересектер тобында «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің» атты ата-аналар жиналысы өтті. Үнемі ата-аналар үшін әр түрлі сауалнама, кеңестер, ашық есік күндері өткізіліп отырылды. Ата-аналармен бірге «Наурыз - жылбасы» ертеңгілігі өтті. Ата-аналар көмегімен көрмелер ұйымдастырылды. Балабақша меңгерушісі Сыдықбекова М.М. жалпы балабақша ата-аналарына есеп беру жиналысын өткізді. Сәуір айында Жетісу аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Касенов Еркебұлан Төлеуғазыұлының басшылығымен өрт сөндірушілер келіп, балабақша қызметкерлері мен балаларға «Өрттен сақ болайық» атты семинар өткізіп, өрт шыққан кезде қалай қорғану керек екенін үйретті. Балаларға ата-аналарсыз үйде жалғыз қалғанда техникалық қауіпсіздікті сақтау әрекеттері жайлы айтып, оларды қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
Оқу жылын аяқтай отырып, жалпы балабақша бойынша балалардың білім деңгейлерінің көрсеткіші қоса тіркелді: