Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 252-29-43
Әдіскер:
+7(727) 252-29-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті
20
мамыр
2016

"Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті

 
"Өрттен сақ болайық" атты семинары өттіСәуір айында Жетісу аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Касенов Еркебұлан Төлеуғазыұлының басшылығымен өрт сөндірушілер келіп, балабақша қызметкерлері мен балаларға «Өрттен сақ болайық» атты семинар өткізіп, өрт шыққан кезде қалай қорғану керек екенін үйретті. Балаларға ата-аналарсыз үйде жалғыз қалғанда техникалық қауіпсіздікті сақтау әрекеттері жайлы айтып, оларды қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
 
№104 балабақшаның « Құралай » тобының ұйымдастырылған оқу 
іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 13.05.2016 жыл
Бөлімі: Қатынас
Білім беру саласы: Тіл дамыту
Тақырыбы: Өрттен сақтану шаралары.
Мақсаты.Балаларға өрттен сақтану шаралары мен оттың тілсіз жау екенін түсіндіру.Үйдегі қауіпсіздік шараларын қалай орындау керектігін айту,өрт өшіретін құралдарды суретіне қарай ажырата білуге үйрету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені , тұрмыстық техникалық заттарды рұқсатсыз қолдануға болмайтынын ұмытпау, қауіпсіздік шараларын орындай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Әртүрлі суреттер іліп көрсету.
Билингвальды компонент-өрт-огонь.

Оқу – іс әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті 
Ұйымдастырушылық оятушылық
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.
Күн жылынды сағынта
Жер әлемді қаңсыта
Іші пысқан балалар
От жақты шөпті жандыра
Лаулап жанған от енді
Алып – ұшып жөнелді
Өшірем деп ұмтылған
Балаларға көнбеді.
Шаттық шеңберін әртүрлі қимылдармен жасап көрсете білді.
Балалар шаттық шеңберін қол қимылдарымен көрсетіп жасай білді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік 
-Балалар қане жайғасып отырамыз.
Балалар міне бүгінгі оқу іс-әрекетімізге балабақша меңгерушісі Сыдықбекова Мариямкуль Момынқызы Жетісу аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Қасенов Еркебұлан Төлеуғазыұлы қатысып отыр. 
Олай болса мына тақтадағы суреттерге назар аударайықшы.
Мұнда балалар өрт қауіпсіздігі жайлы көрсетілген.Өрттен сақтану қауіпсіздік ережерінің қаншалықты адам өміріне қауіпті екенін түсіндіріп өтейін.
От өмірімізге қуат беріп,бойымызды жылытады.От-өмір сәні.Отсыз тіршілік жоқ,от жағылмаса тамақ пісіре алмаймыз,үйімізде жылымайды.Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады.
Бірақта от-өміріміз десек те,одан әрқашан да сақ болып жүруіміз керек,себебі үйде болғанда ата-ананың рұқсатынсмыз техникалық заттарды қосып қолдануға болмайды.Үйде сіріңкені жағып ойнауға болмайды,одан өрт шығып кетуі мүмкін.
Міне суреттерде қыз балалар мен ұл балалардың өрт кезінде пайдалануға болмайтын заттары көрсетілген.
Олай болса өртке байланысты тақпақтарымызды еске түсіріп көрейікші.
1. От жақпа күйерсің.
Өртеніп жүрерсің
Сіріңке ұстасаң
Қауіпке сен түсерсің.
2.Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып куалмақ.
Балаларға жаттату.
Бой сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрайық 
Жанған отты қуайық
Бір-бірімізге жан ашып
Қорғанып біз жүрейік.
Кел,достарым келіңдер
Аман-есен жүріңдер.
Қимылмен жасату,жаттату.
Өрттен сақтану шараларына байланысты мақал үйрету.
Отсыз тоңып,жаураған адам 
Ешқандай еңбек ете алмайды.
От өмірімізге қауіпті.
Қимылды ойын.
«Өрттен сақтан»ойын шартын түсіндіріп ойнату.
Берілген суреттердегі өрт кезінде қандай заттарды пайдалану керектігін тауып орналастыру.

Әңгімені аяғына дейін түсіне білді,тыңдады.
Балалар өз ойларын айтып бере білді.
Сұрақтарға нақты жауап бере білді.
Балалар тақпақ жаттады.
Сергіту сәтін қимылмен жасады.
Мақалды жаттай алды.
Ойын шартын түсініп ойнап үйренді.
Түсіне отырып жұмысты орындады.
Рефлекстік – түзету (коррекциялық) Жүректен – жүрекке ;
Біздің топтын балалары
Шеттерінен шебер-ақ
Бір-біріне көмектессе
Тату-тәтті болары анық.

Өрт қауіпсіздігіне байланысты берілген сұрақтарға нақты жауап бере білді.
Балалар өз достарына деген жақсы тілектерін айтып үйренді.

Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже: 
Орындайды: Балалар қауіпсіздік шаралары бойынша түсіне білді.
Түсінеді: Берілген суреттерге байланысты әңгімені түсініп,сұрақтарға ойланып жауап берді.
Қолданады: Мақал жаттап,ойынды әсерлі ойнады,тақпақтар жаттады.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші.Бекеева Майра Бекбайқызы.



"Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті
"Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті
"Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті
"Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті
"Өрттен сақ болайық" атты семинары өтті
Назад 1 2 3 4 5 Вперед